СҚО-да еліктерді заңсыз аулаған бес тұрғын ұсталды

18 Қараша 2022, 11:14 1504

Бүгінгі таңда Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр

СҚО-да еліктерді заңсыз аулаған бес тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлімдеді.

Есіл ауданының Амангелді ауылында жабайы жануарларды ілеспе құжаттарсыз мүшелеу кезінде 58, 66, 46, 45, 39 жастағы СҚО тұрғындары ұсталды.

Оқиға орнынан бес сібір елігінің мүшеленген еті, бес атыс қаруы тәркіленді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 337-бабының 3-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Сараптамалар тағайындалды.

Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

EL.KZ
Бөлісу: