05.03.2024
10:29
933

СҚО-да екі көлік өртенді

Солтүстік Қазақстан облысында екі көлік өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ТЖМ мәліметінше, екі жағдайда да өрт сөндірушілер көліктерді толығымен жанудан аман алып қалды. Өрттің алдын ала себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Екі адам күйікпен ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.