СҚО-да дәрі қабылдаған әйел мен бала өлім аузынан қалды

1 Ақпан, 13:49 926

Петропавлда антибиотик қабылдаған әйел мен жасөспірім анафилактикалық шок алды,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Оларды жедел жәрдем дәрігерлері аман алып қалды. Жедел медициналық қызмет көрсету станциясына 14 жастағы баланың туыстары хабарласқан. Оның «Цефтриаксон» қабылдағаннан кейін жағдайы нашарлаған. Шақыру бойынша келген дәрігерлер антибиотик қабылдағаннан кейін баланың бозарып, терлеп, қан қысымы күрт төмендеп, содан кейін есінен танып қалғанын анықтады.

Оған жедел медициналық көмек көрсетіліп, ауруханаға жатқызылды. Тағы бір әйел «Цефтриаксоннан» кейін аллергиялық реакция болып, жедел жәрдемге хабарласқан. Жедел көрсетілген көмектен кейін науқастың жағдайы тұрақталған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: