СҚО-да бөгеттер мен біліктерді нығайту жұмыстары жалғасуда

СҚО-да бөгеттер мен біліктерді нығайту жұмыстары жалғасуда

Солтүстік Қазақстан облысында бөгеттер мен біліктерді нығайту жұмыстраы жалғасып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірг қарасты Қызылжар ауданы Ольшанка ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар басталды. Бұл ретте ұзындығы 300 метр су құятын бөгет орнатылып, 2,7 км жаңа қорғаныс білігі тұрғызылған. Сондай-ақ, қолданыстағы білік 800 м нығайтылып, 5 мың қап төселді.

Кешенді жұмыстарға еліміздің ТЖМ, СҚО ТЖД, Ақмола және Қостанай облыстарының 105 адамы мен 19 техникасы, СҚО ЖАО мен ҚАЖД жұмылдырылған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінш, іс-шаралар халықты су тасқынынан қорғау үшін тәулік бойы жүргізілмек.