СҚО-да бірнеше орман шаруашылығы директорлары жауапқа тартылды

Бүгiн, 14:00 119

Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылықтарының 4 директоры жауапқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық прокуратураның ақпаратына сәйес, орман заңнамасының сақталуын талдау шеңберінде орман алқабына келтірілген залалды өтеу жөнінде шаралар қолданбау, сондай-ақ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасының тиісінше орындалмауы, оның ішінде есепке алынбаған ормандар бойынша жұмыс жасалмауы сияқты өрескел заңбұзушылықтар анықталды.

Орман кодексінің талаптарына қарамастан, облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының лауазымды қызметкерлері 2006 жылдан бастап Петропавл елді мекендерінің жерлерін кеңейту мақсатында орман алқаптарын алып қойғаны үшін 53 млн теңгеге орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу жөнінде шаралар қабылдамаған. «Ақан-сері», «Бұрлық», «Мамлют» және «Есіл» орман шаруашылықтары Кодекс талаптарын бұза отырып, 2023 жылы орманды молықтыру көлемін ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген, – делінген прокуратура хабарламасында.

Басқа жағдайда, агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің Экологиялық кодексті елемеуі салдарынан орман алқабының аумағында аммиак төгіліп, орман қоры бүлінген. Бұл ретте орман мекемесі залалды өтеу бойынша уақтылы шаралар қабылдаған жоқ.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша мемлекетке 53,2 млн теңге залал өтеліп, орман мекемесінің 4 директоры тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: