СҚО-да әлеуметтік көмек алатын азаматтар азайған

21 Маусым 2023, 13:20 966

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров өңірде жұмыспен қамтуға және халықтың табысын арттыруға көп көңіл бөлінетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әкімнің айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар саны 18% - ға қысқарды.

Бес айда 11 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 7 900 жаңа тұрақты жұмыс орны құрылды. Жыл соңына дейін 24 мыңнан астам адам жұмысқа орналасады, - деді Айдарбек Сапаров.

Аймақ басшысы 2023 жылдың қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,7%-ға дейін төмендеуі жоспарланғанын атап өтті.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: