08.09.2025
20:36
513
СҚО-да 9 жасар бала сарайды өртеп жіберді

СҚО-да 9 жасар бала сарайды өртеп жіберді

СҚО-да баланың ойыны қайғылы жағдайға ұласа жаздады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ТЖМ мәліметінше, СҚО Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында 9 жасар бала сарай ішінде сіріңкемен ойнап отырғанда, қағаз тұтатып кеткен. Ол үйіне кетіп қалған кезде, өрт өршіп кеткен.

Көршілері шатыр астынан шыққан түтінді байқап, дереу өрт сөндірушілерді шақырған. ТЖМ қызметкерлері жедел жетіп, жалынды дер кезінде ауыздықтап, тұрғын үй мен шаруашылық ғимараттарын аман сақтап қалды, - делінген мәліметте.

Ведомство қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.