СҚО-да 53 елікті заңсыз атқан браконьерлер сотталды

27 Сәуір, 07:29 792

Солтүстік Қазақстан облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне сот үкімі шықты. Алайда сотталушылар дәлелді айғақтар бола тұра кінәларын мойындамаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Браконьерлерге Қылмыстық кодекстің 262-бабы 1,2-бөліктері, 337-баптың 6-бөлігі 1-тармағы айып тағылған.

СҚО прокуратурасының мәліметінше, сотта бұлтартпас дәлелдер бола тұра төрт айыпталушы жасаған қылмыстары үшін өз кінәларын мойындамаған. Мемлекеттік айыптаушы Петропавл қаласының 4 тұрғынын облыс орталығының маңында 53 елікті заңсыз атып, мемлекетке 68 миллион теңгеден астам шығын келтіргенін дәлелдеген. 

Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірімен келісе отырып, барлығын 8 жылдан 11 жылға дейін нақты бас бостандығынан айыруға соттап, олардан келтірілген материалдық шығынды өндіріп алумен үкім шығарды. Үкім заңды күшіне енді,-делінген ведомство мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: