«СҚ-Фармация» бірқатар заңбұзушылыққа жол берген – Антикор

23 Шілде, 11:17 505

«СҚ-Фармация» ЖШС халықты дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен уақтылы және сапалы қамтамасыз ету, фармацевтика саласы мен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруға кедергі келтіретін елеулі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бар екені анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша, дәрі-дәрмектерді сатып алу бойынша аукциондардың жартысынан көбі бәсекелессіз өткізілген (2020-2023 жылдар кезеңінде барлығы 1 241 лот). Фармацевтикалық компаниялар жабдықтаушылармен келісе отырып, ең жоғары бағамен тендерлерді жеңіп алды. Осылайша, бәсекелестік және сатып алу құнының төмендеуі қамтамасыз етілмеген. Мәселен, 2020-2023 жылдардағы аукциондардың қорытындысы бойынша үнемдеудің едәуір үлесі (81%) барлық лоттардың 8%-ы есебінен ғана қалыптасты (6513-тен 567-сі). Әрбір үшінші лотта (1969 немесе 30%) бағаның төмендеуі мүлдем болған жоқ (0-ден 30 тиынға дейін).

Медициналық жабдықты сатып алу кезінде тендерлік комиссия өтінімдері тендер шарттарына сәйкес келмейтін жабдықтаушыларды аукционға жіберген, сондай-ақ сарапшылардың теріс қорытындылары еленбеген. Мұнда сатып алу құнын негізсіз көтеру  де туындады. Іріктемелі талдаумен құны әртүрлі, бірақ техникалық сипаттамалары бойынша ұқсас медициналық жабдықтарды сатып алу бойынша 13 шарт анықталды (6,7 млрд теңгеге асыра бағалау тәуекелдері). Бұл ретте, талдау арқылы анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдері логистика қызметтерін ұсыну, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды сақтау және жеткізу бойынша нарықтың едәуір үлесін жабатын компаниялар пулын қалыптастыруға ықпал етті. Бұдан басқа, ұзақ мерзімді шарттар жасасу процестерінің айқын болмауы іс жүзінде отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуға ниеті жоқ компанияларды негізсіз байытуға ықпал етті. Бұл импорт туралы мәліметтер, тауардың қажетті мөлшерін өндіру үшін шеттен әкелінетін шикізаттың жеткіліксіздігі, өндірістік қуаттардың жетіспеушілігі, сондай-ақ электр және су тұтыну бойынша көрсеткіштердің қалыптан тыс төмендігі туралы мәліметтерден көрінеді.

Персоналды басқару блогы бойынша адамдарды конкурссыз жұмысқа орналастырумен, конкурстық комиссияда тәуелсіз мүшелердің болмауымен, мүдделер қақтығысын жою жөнінде шаралар қабылдамаумен, командалық орын ауыстырумен, қосымша ақыларды, сыйақыларды, іссапар төлемдерін, сондай-ақ СҚФ-да іс жүзінде жұмыс істемеген жекелеген қызметкерлердің жалақыларын заңсыз бекітумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жан-жақты шаралар қабылдау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, 12 мамырда жоғарыда аталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.  

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: