Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов Олимпиада рекордын орнатты

6 Тамыз, 16:45 854

Бүгін, 6 тамыз күні, Париж Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеу бәсекесі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Спорттың бұл түрінен Қазақстан намысын Әмір Маймұратов қорғап жатыр. Атлеттер «жылдамдық» дисциплинасы бойынша бақ сынауда. 

Олимпиада ойындары аясында іріктеу айналымы өтуде. Осыдан соң әрі қарайғы турнир кестесі құрылады. 

Маймұратов  бірінші мүмкіндігінде олимпиада рекордын орнатты. Оның уақыт көрсеткіші – 4.89. 

Айта кетелік, оған дейін де екі атлет Олимпиада ойындарының рекордын орнатқан болатын. 

Қазіргі таңда алғашқы айналым жалғасуда. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: