Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Спорттық құзға өрмелеуші Әмір Маймұратов әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

Спорттық құзға өрмелеуден Қазақстан құрамасының өкілі Әмір Маймұратов Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңін 15-ші нәтижемен аяқтап, әлем біріншілігінің плей-оффына жолдама алған еді.

1/8 финалда Әмір АҚШ өкілі Самуэль Уотсонмен кездесті. Маймұратов сайыс барысында құлап қалды. Нәтижесінде қарсыласы жеңіске жетті. Осылайша, қазақстандық құзға өрмелеуші әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады.

Бұған дейін іріктеу кезеңінде Маймұратов 15-орынға тұрақтады. Плей-оффқа 16 спортшы өткен болатын. Ал Ришат Хайбуллин 23-орын алды, Бекнұр Алтынбеков – 26-орын, Жандос Қалибай – 30-орын, ал Дамир Тоқтаров – 50-орын иеленді.