02.06.2025
21:46
6607
Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

5-15 маусым аралығында Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласында өтетін спорттық гимнастикадан XII Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын қазақстандық спортшылардың есімі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Ерлер құрамасы:

  • Нариман Құрбанов (Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері)

  • Милад Карими (Әлем чемпионатының қола жүлдегері)

  • Ілияс Азизов

  • Дмитрий Патанин

  • Әлішер Тойбазаров

  • Роман Маменов

Әйелдер құрамасы:

  • Аида Құрбанова

  • Дарья Ясинская

  • Медина Қапбасова

  • Арина Лебедева

  • Эвелина Ежова

Құрлықтық деңгейдегі бұл додада Қазақстанның үздік гимнастары жүлделі орындар үшін сынға түседі.