Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

15 Мамыр, 16:17 843

Өзбекстан астанасы Ташкент спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатын қабылдайды. Аталған сынға Милад Карими бастаған қазақстандық спортшылар да қатысады. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бас бапкер Александр Ким Ташкент төрінде сынға түсетін құрамды жариялады.

Олар: 

Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Фарух Нәбиев, Дмитрий Патанин және Диас Тойшыбек. 

Команда сапында Карими көпсайыстан, Құрбанов ат снарядынан Олимпиада жолдамасын алып қойған. Қалған спортшылар құрлыққа бөлінген бір жолдамаға таласады. 

Сондай-ақ Өзбекстан федерациясы жарысқа төрелік ету үшін алты еуропалық төрешіні алдырып отыр. Қазақстан сапынан екі төреші шақырту алды. Тимур Әміртаев қол тіреп секіру және еркін жаттығуда, Александр Ким қоссырықта төрелік етеді. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: