Спорт пен ойын-сауық қызметтерінен 416,6 млрд теңге табыс түсті

20 Желтоқсан 2022, 13:33 1220

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті

Қазақстанда спорт және демалыс саласында қызмет көрсету көлемі 416,6 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

2022 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан Республикасында спорт, демалыс және ойын-сауықты ұйымдастыру саласында көрсетілген қызмет көлемі 416,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға артық.

Айта кету керек, ауылды жерлерде қызметтің бұл түрі 39,9 млрд теңгеге (жалпы көлемнің 9,3%) көрсетілген.

Өңірлік тұрғыда қызмет көрсетудің ең үлкен көлемі Алматы қаласына тиесілі: 238,7 млрд теңге. Үздік үштікке сондай-ақ Астана (49,7 млрд теңге) мен Маңғыстау облысы (11,2 млрд теңге) кірді. Көрсетілген қызметтің ең аз көлемі Абай облысына тиесілі – 2,7 млрд теңге.

Соның ішінде, 2022 жылдың алғашқы үш тоқсанында фитнес-клубтар саласында көрсетілген қызмет көлемі 29,7 млрд теңгені құрады.

EL.KZ
Бөлісу: