Спорт менеджменті бойынша MBA ЖӘНЕ ЕМВА бағдарламасы іске қосылды

6 Қаңтар, 20:23 826

Бүгін Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының APEMS Business Academy спорт индустриясы саласында қызмет етіп жатқан басшылар мен орта және жоғары деңгейдегі менеджерлерге арналған «Спорт менеджменті» МВА және ЕМВА инновациялық білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл спорт индустриясы саласындағы басқару ісі, маркетинг және қаржыны терең зерделеуді ұсынатын Қазақстанда тұңғыш рет әзірленіп, ұсынылған бағдарлама болып табылады. Быдгощ қаласындағы (Польша) Экономика университетімен және спорт федерацияларымен бірлесіп дайындалған «Спорт менеджменті» МВА и ЕМВА бағдарламасы спорттық менеджмент және әкімшілендіру бойынша практикалық білімі мен дағдылары бар спорт ұйымы басшыларының біліктілік деңгейін арттыруға және қосымша басқару құзіреттерін қалыптастыруға бағытталған.

ЕМВА бағдарламасының алғашқы тыңдаушылары - ҚР Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, спорт ұйымдарының басшылары, спорт клубтары мен мекемелерінің топ менеджерлері.

Оқыту модульдік негізде ұйымдастырылды, ол «Спорт индустриясын халықаралық деңгейде ілгерілету», «Цифрлық шешімдерді пайдалана отырып жобаларды басқару», «Ивент-индустрия мен бизнесті жүргізу үшін Smart-қаржыландыру», «Интеграцияланған басқару модулі» және «Эксприменттік зерттеу жұмысы» сияқты модульдерді қамтиды.

APEMS Business Academy тыңдаушылардың қосымша құзыреттіліктерін дамыту үшін микробіліктіліктер беруді көздейді: халықаралық құқық және басқару менеджері, қаржылық аналитик, маркетолог, IT-аналитик.

Тәжірибелі оқытушылар мен спикерлер, шетелдік ұйымдардың топ-менеджерлері, белгілі жаттықтырушылар мен тренер-лекторлары МВА және ЕМВА бағдарламасы аясында өз курстары мен пәндерін ұсынды. Ал тыңдаушылардың алған білімдерін бекіту серіктес ЖОО базасында шетелдік білім беру модулінен (тағылымдамадан) өту шеңберінде жүзеге асады.

Бұл бағдарламаның түлектері ұлттық және халықаралық деңгейде түрлі жобаларды жүзеге асыруға және спорт индустриясын қайта құруға қабілетті шетелдік серіктес университеттен халықаралық іскерлік әкімшілік магистрі (MBA/EMBA) дипломын және халықаралық қайта даярлау сертификатын алады.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: