Спорт дүкенінің 260 мыңнан астам клиентінің деректері желіде таралып кетті

12 Қаңтар 2023, 10:50 1086

Бұл туралы KZ-CERT мәлім етті

Жыл басында бұқаралық ақпарат құралдарында «Спортмастер» спорт дүкендері желісінің ТМД елдеріндегі клиенттерінің дербес деректері таралып кеткені белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

KZ-CERT компьютерлік инциденттерге ұлттық әрекет ету қызметі тізімде Қазақстан азаматтарының деректері көрсетілген 260 000 артық жол қамтылғанын хабарлайды. Деректердің өзектілігі 2012 жылғы 15 қыркүйектен бастап 2018 жылғы 18 мамырға дейінгі кезеңді құрайды. Файл аттарды, туған күндерді, телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайларын қамтиды.

«Спортмастер» компаниясы инцидент пайдаланушылардың логиндері мен парольдерін, төлем ақпаратын, сондай-ақ қызметкерлердің есептік жазбаларын қозғамайтынын атап көрсетіп, деректердің таралғанын растады, ішкі тексеру басталды. Алдын ала мағлұмат бойынша, деректердің таралуы осы ақпаратқа қолжетімділігі бар мердігерлердің бірі тарапынан орын алғаны ықтимал.

EL.KZ
Бөлісу: