Сотқа келген Арыстанбек Мұхамедиұлының орынбасары ауырып қалды

19 Сәуір 2023, 17:08 912

Ұлттық музей басшысының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразханның жағдайы сот барысында нашарлап кетті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Сотқа жедел жәрдем шақырылды. Алмаз Нұразханды қараған дәрігерлер оны басқа мамандар тексеруі керек деп шешті. Сот отырысы 24 сәуірге шегерілді.

Айта кетейік, "Алтын адамның әлем музейдерімен шеруі" халықаралық көрмесін іске асыру барысында Мұхамедиұлы мен басқа адамдармен өзара келісіп, 221 миллион теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыруға қатысқан Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан ұсталған еді.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: