Сот Рысбек Сәрсенбайұлына айыппұл салды

13 Сәуір 2023, 18:41 834

Алматыда сот оппозициялық саясаткер Рысбек Сәрсенбайұлын "рұқсатсыз митинг ұйымдастырды" деп айыптап, 127 мың теңге айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 сәуірде Алматыда бір топ саясаткер мен белсенді 19 наурыздағы парламент сайлауын әділетсіз деп, митинг өткізген. Митингіге билік рұқсат етпеген. 

Бұған дейін сайлау нәтижесіне қарсы бейбіт митингіге шыққан саясаткер Мұхтар Тайжан, журналист Лұқпан Ахмедияров пен заңгер Әлнұр Ильяшев, Асылбек Қараев та 15 тәулікке қамалған.

Қазақстанда жұрт бейбіт митингіге шығу үшін әкімдіктен рұқсат алу керек, Билік белсенділерге митинг өткізуге рұқсат бере бермейді.

EL.KZ
Бөлісу: