Сот Бишімбаевты ақтаған ресейлік эксперттердің сараптамасын қабылдамады

17 Сәуір, 10:20 12093

Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары сотта Мәскеу қаласындағы "Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің" ресейлік сот-медициналық сарапшыларының қорытындысын баяндаған. Судья Айжан Құлбаева ресейлік сот сарапшыларының қорытындысы қабылданбайтынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот Бишімбаевтың іс материалдарына мәскеулік сот сарапшыларын қосудан бас тартады. Судья ресейлік сарапшылар сараптаманы ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексін бұза отырып жасалғанын түсіндірді.

Айта кетейік, ресейлік сарапшылар қазақстандық мамандардың Нүкенова бас миының ауыр жарақаты салдарынан қайтыс болды деген тұжырымдарын жоққа шығарды. Ресей сарапшыларының дерегінше, Салтанаттың өліміне 3-4 апта бұрын алған ескі гематомадан баста қан кетуі себеп болған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: