Сорбұлақ су қоймасы аумағында 25 шілдеде жоғалып кеткен әуе қорғанысы күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жұмыстар күшейтілген режимде және тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сорбұлақ су қоймасы ауданында 2025 жылдың 25 шілдесінде жоғалып кеткен әуе қорғанысы күштері EC-145 тікұшағының бортында болғандардың қай жерде екенін анықтау бойынша ауқымды іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Жұмыстар күшейтілген режимде және тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Операцияға 400-ге жуық адам, 70-тен астам жер үсті техникасы, 21 жүзу құралы, 10 ҰҰА, эхолоттар, су асты сканерлеу құралдары, сондай-ақ кинологиялық есептоптар тартылды. Жергілікті жерде басшылықты Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы авиация генерал-майоры Ізбасов Асқар Ғадылшаұлы жүзеге асырады. Ол барлық тартылған бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіреді, - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ, қорғаныс министрлігінен 193 әскери қызметші, 4 ұшқышсыз ұшу аппараты, 25 бірлік техника, 8 жүзу құралы бекітілген. Әуе арқылы іздестіру жұмыстары жалғасуда. Сонымен бірге, төтенше жағдайлар министрлігінен 87 адам, 22 бірлік техника, 10 жүзу құралы, 7 ҰҰА, 2 эхолот, сүңгуірлер және 2 кинологиялық есептоп жұмылдырылды. Ал ішкі істер министрлігінен 102 қызметкер, 30 бірлік техника қосылған. Сондай-ақ, жергілікті әкімдіктен 2 автомобиль, 3 жүзу құралы берілді.
Жету қиын және терең учаскелермен қоса акватория мен жағалау аймағын кешенді зерттеу де жүргізілуде. Іздеу шаралары күндіз де, түнде де тоқтамайды. Жоғалған адамдардың туыстарымен ұдайы байланыс ұйымдастырылды. Оларға операцияның барысы туралы уақытылы хабарланады, - деп жазылған министрлік мәліметінде.