Сора Рахмонованың АҚШ-тағы айқасы өтпейтін болды

21 Қыркүйек 2023, 02:31 529

Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Dana White’s Contender Series аясында үміткерлер айқасына қатыса алмайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған жерлесіміздің жарақаты себеп. Бірақ спортшының қандай жарақат алғаны белгісіз.

Сора Рахмонова UFC-мен келісімшартқа қол қою үшін литвалық Эрнеста Карецкайтемен өзара кім мықтыны анықтауы керек болатын. Турнир 26 қыркүйекте Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өтуі тиіс еді.

Бұған дейін тағы бір қазақстандық бойжеткен Мария Агапованың UFC-дегі турнирі өтпейтін болды.

Берік Арманов
Бөлісу: