Сора Рахмонова жолдасымен бірге референдумда дауыс берді

6 Қазан, 13:51 451

Қазақстандық спортшы Сора Рахмонова жолдасы Нұрсұлтан Орынбасаровпен референдумда дауыс берді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қоян-қолтық ұрыстан үш дүркін әлем чемпионы Сора Рахмонова жолдасымен Референдумда дауыс берді. Спорттағы жұлдызды жұп Нұрсұлтан Орынбасаров және Сора Рахмонова Іле ауданы, М.Түймебаев ауылындағы  №404 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.

Нұрсұлтан Орынбасаров – Алматы облыстық мәслихат депутаты, джиу-джитсудан қара белбеу иегері, грэпплингтен Азия чемпионы, SAGADAT BATYR спорт клубының негізін қалаушы. Сондай-ақ ол джиу-джитсу, аралас жекпе-жек спорт түрлерінен халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы, ҚР-ның спорт шебері атанған.

Сора Рахмонова – қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Сонымен бірге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері, кикбоксинг, тайбокс, ММА, панкратион секілді спорт түрлерінен ҚР-ның спорт шебері атанған.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: