Соққыға жығылған бұрынғы дипломаттың әйелі сұхбат берді

12 Мамыр, 12:10 1766

Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің бұрынғы кеңесшісінің әйелі Карина Мамашты әлеуметтік желі қолданушылары екінші Салтанат деп атап кетті. Nukte YouTube-арнасына берген сұхбатында ол мәселенің мән-жайын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Үмітті ақтамағанымды түсінемін, себебі елдің имиджі үшін атқарылған көп жылғы жұмыстың күл-талқаны шықты. Егер маған қатысты қайғылы жағдай болса, келеңсіз оқиға деп жылы жауып қоя салушы еді, — деді Карина Мамаш.

Дегенмен тілші бұл тек қол көтерген адамның кінәсі ғана екенін нақтылағанда, ол басын изеп, көз жасына ерік берді.

Дипломаттың әйелі он жыл бойы қорлық көрсетіп келген күйеуі енді ғана кешірім сұрағанын алға тартты.

Түсінесіз бе, ол татуласқысы келді. Себебі ол жұмысынан, мәртебесінен айырылып қалудан қорықты, соны түсінгенде барып кешірім сұрай бастады. Әйтпесе 10 жыл бойы ұрып-соғып келгенде бір де бір рет кешірім сұраған емес. Себебі ол бәріне өзім кінәлі секілді етіп көрсететін, — деді ол.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: