Қазақстандық жас теннисші Соня Жиенбаева АҚШ-тың Линкольн қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы халықаралық турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
1/8 финалда отандасымыз америкалық Вирджиния Крокерге қарсы кездесіп, сенімді ойын көрсетті. Матч нәтижесі - 6:0, 6:3. Осылайша, Жиенбаева қарсыласына еш мүмкіндік бермей, келесі кезеңге өтті.
Енді Соня жартылай финал жолдамасы үшін ресейлік Эдда Мамедовамен кездеседі.
Айта кетейік, соңғы уақытта 17 жастағы спортшының жетістіктері артып келеді. Бұған дейін ол Мадридте өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанып, сондай-ақ Түркиядағы жарыстың чемпионы болған еді.