Соңғы қоңырау 25 мамырға қайта көшіріле ме?

25 Мамыр 2023, 11:01 2487

Келесі оқу жылында соңғы қоңырау 25 мамырға қайта көшіріле ме? Бұл сұраққа оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол Үкімет кулуарында айтты.

Бұл мәселе бойынша бірінші кезекте мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені бұл жай ғана 25 мамыр деп күнін ауыстыра салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты дүние. Жағдайды бірден бұрынғы қалпына келтіру мәселесі басқа да өзгерістерге алып келеді. Яғни 6 күндік оқу жоспарына алып келеді немесе пәндегі оқу сағаттарының қысқаруына алып келуі мүмкін. Білім саласындағы мұндай шешімді қабылдар алдында жіті сараптаудан өткізу арқылы жүргізіледі, - деп түсіндірді министр.

Елімізде былтырдан бастап оқу жылы 34 аптадан 36 аптаға дейін ұзарған болатын. Ал жазғы демалыс 15 аптадан 13 аптаға дейін қысқарды.

Миражан Махан
Бөлісу: