Соңғы минутта үзілген үміт. Қазақстан Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады

21 Қараша 2023, 03:45 1123

Еуро-2024 іріктеу кезеңінің топтық ойындары аяқталды. Қазақстан соңғы турда Любляна қаласындағы «Стожице» стадионында Словения құрамасынан ұтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Матч 2:1 есебімен қарсыластың пайдасына шешілді. Дегенмен, жігіттер соңына дейін берілмей, тіпті жеңісті жұлып алатын сәті болған. 

Бірінші таймның соңғы жағында Беньямин Шешко пенальтиден есеп ашып, Словенияны алға шығарды. Бас төреші қорғаушы Ян Вороговский тәртіп бұзғанын байқап қалды. 
 
Үзілістен кейін біздің жігіттер тез естерін жинаған болатын. Бірден допқа иелік етіп, шабуыл ұйымдастырды. Жоспар жүзеге асты. Максим Самородовтың жеке шеберлігінің арқасында Рамазан Оразовтың аяғына доп сәтті келе қалды. Словенияның «Копер» клубында ойнайтын жартылай қорғаушы мүлт кеткен жоқ. Таразы басы теңесті. 

Ал кезеңге кіре салысымен Қазақстан футболшылары бірден допқа иелік етіп, таразы басын теңестіруге ұмытылды. Бұл жоспарлары тез жүзеге асты. Оң қапталдан ұйымдастырған шабуылды Самородов өрбітіп, Оразовты сәтті нүктесін қоя білді. Есеп – 1:1.

Өкінішке қарай, 86-минутта ойынға екінші таймда қосылған Вербич Словенияның жеңіс голын соқты. Қорытынды есеп – 2:1. 

Осылайша, тікелей жолдама қолдан сусып кетті. Дегенмен, Қазақстанның Еуро-2024 чемпионатына шығатын тағы бір мүмкіндігі бар. Ол үшін келесі көктемде Ұлттар лигасында жеңіске жетуі тиіс.

Словения – Қазақстан – 2:1
Голдар: Шешко. 41-пенальтиден (1:0). Оразов, 48 (1:1). Вербич, 86 (2:1).

Мадина Асылбекова
Бөлісу: