Биыл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақтылық бар, негізгі макрокөрсеткіштердің оң нәтижесіне қол жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбай хабарлады.
Соңғы төрт-бес жылда 4 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. 2024-2026 жылдар ішінде экономиканың түрлі саласында құны 666 млрд теңгеге 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл 1 800 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Биыл 14 жоба іске қосылып жатыр, - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Сонымен қатар, алдағы уақытта өңірдің барлық бағыттағы әлеуетін пайдалана отырып инвестициялық құны 27 трлн теңге болатын 8 ірі жобаны ашу көзделген.