20.11.2025
17:40
562
Соңғы бес жылда Каспий деңгейі бір метрге төмендеген – ирандық шенеунік

Соңғы бес жылда Каспий деңгейі бір метрге төмендеген – ирандық шенеунік

Соңғы бес жылда Каспий теңізінің су деңгейі шамамен бір метрге төмендеді. Қауіпті құлдыраудың салдары бүгінде теңіздің барлық жағалауында байқалып отыр. Бұл туралы Иранның Қоршаған ортаны қорғау агенттігі басшысының орынбасары Ахмадреза Лахиджан «Свободный Иран» Telegram-каналына берген сұхбатында мәлімдемеген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оның айтуынша, су деңгейінің тез төмендеуі бірнеше күрделі мәселеге алып келуде:

  • су-батпақты алқаптардың кебуі және табиғи мекендердің жойылуы;
  • су ресурстарының айтарлықтай қысқаруы, бұл балықшылардың күнкөрісіне тікелей әсер етеді;
  • жағалау маңында шаң-тозаңның көбеюі;
  • порттардың жұмыс белсенділігінің төмендеуі;
  • туризм мен өңір экономикасына ауыр залал келуі.

Лахиджан теңіз деңгейінің түсуіне негізгі себеп ретінде климаттың өзгеруін және өзендердің теңізге құйылуының азаюын атады.

Бұл процесс жалғаса берсе, Каспий теңізін үлкен апаттар күтіп тұр. Қиын жағдайдан шығудың жалғыз жолы – жағалаудағы мемлекеттердің шынайы ынтымақтастығы, жауапкершілігі және бірлескен жоспарлауы, – деді ирандық шенеунік.