"Сөндіру қиынға соққан": Қостанайда бір қабатты дәмханада өрт шықты

10 Тамыз, 16:07 552

Қостанай облысы Тауыш ауылында бір қабатты дәмхана өртенді. Өрт ғимараттың шатырынан шыққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қызыл жалын 150 шаршы метр аумақты шарпыған. Дәмхана шатырында тез тұтанатын материалдардың (рубероид) болуына байланысты өртті сөндіру қиындық тудырған. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталуда.

ТЖМ кәсіпкерлерден өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

 

 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: