Солтүстік Қазақстандағы сіз баратын орындар

22 Мамыр 2017, 11:31 19536

Мұнда көрікті жерлер көп, келіңіз...

Солтүстiк Қазақстан облысы  еліміздің солтүстік қақпасы болып табылады. Бұл өңір арқылы маңызды темiржол, автомобиль және әуе жолдары өтедi. Сондай-ақ, облыс аумағында тарихи және археологиялық ескерткiштер жетерлік. Мәдени мұра болып табылатын «Ботай» мен «Ақ-Ирий» тарихи қоныстарға апаратын туристiк бағыттар бар. Шалқар секілді табиғат кешендері де, «Екі ағайынды» секілді көрікті шоқылар әрқашан табиғат саяхаттаушыларын құшақ жая қарсы алады.

«Екі ағайынды» шоқысы

Екі ағайынды шоқысы табиғат тылсымының бір көрінісі. Олар 300 метр биіктіктен екіге жарылады. Аңыз бойынша жауға қарсы шапқан қос ағайынды осында ерлікпен қаза тапқан делінеді. Ал олардың қарындастары қайғыны көтере алмай қабырғасы қайыса жылағанда Айыртау көлі пайда болыпты.

Имантау көлі

Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданында орналасқан Имантау – республикалық деңгейге ие табиғи ескерткіш болып табылады. Егер биік шыңнан қарасаңыз мұндағы арал жүрек тәріздес болып келеді. Мұнда сирек кездесетін ем аршасы бұтасы жағалауларда жайқалып тұр. Имантаудың сұлулығы тек еліміздің азаматтары емес, алыс-жақын шетелдіктердің де ыстық ықыласына бөленуде.

 «Көзбен шолу» шоқысы, «Өткір» шоқысы және «Сынық» шоқысы

Табиғатытың тылсым факторынен қалыптасқан бұл шоқылар граниттік ұсақ шоқылардың қатарына кіреді. Сондай-ақ, сирек кездесетін рельеф типінің бірі. Шалқар көлінің жағасын мекен еткен жартастарды қалқанды ормандар жауып тұр.

Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенi

Есім ханның тұсында елін қорғаған Қарасай мен Ағынтай батырлардың құрметіне салынған бұл ескерткішке жыл сайын келушілердің саны артып келеді. Олар Құлшынбай төьесіне жерленген. Сол орыннан 1999 жылы осындай кешен бой көтерді. Конусқа ұқсас 16 метрлік мұналардың арасында мешіт тқр. Бұл жерде сол секілді бірнеше батырлардың мүрдесі жатыр. Сол секілді Қарасай батыр есімі ауылға беріліп, жыл сайын қос батырдың құрметін түрлі сайыстар өткізілп тұрады.

Шалқар табиғат аймағы

Шалқар табиғат аймағы орташа биік таулардан тұрады. Оның бөктері қылқанды орман жауып жатыр. Сондай-ақ, шоқылар әсіемдіктерімен ерекшеленіп, саяхаттаушылардың көп келетін орнына айналып отыр. Шалқар көлі тағаға ұқсайды, оңтүстік бөілігінде емдікке қасиетке ие балшық бар. Суы тұзды, аса терең емес, тері ауруларына шипа болып келеді. Жағажай аумақтары құмды, кей жерлерде тасты.

Ботаникалық бақ

Ботаникалық бақта біздің ендіктерде кездеспейтін экзотикалық өсімдіктердің өте көп түрін кезіктіре аласыз. Олардың ішінде декоративтік-гүлдік, сирек және жоғалып бара жатқан, ағаш-талдық түрлердің жүз қырыққа тартасы, сол секілді емдік өсімдіктер бар. Атап айтар болсақ, ақгүл, пальма, шығыс-африкалық туя, лимон секілді өсімдіктерді таба аласыз.

Мөлдір Дарханбаева
Бөлісу: