Солтүстік Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккен үйлерді бағалау жұмыстары аяқталуға жақын

20 Мамыр, 23:48 578

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынынан кейін баспананы бағалау және техникалық зерттеу жұмыстары аяқталуға жақын қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі өңір әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта облыста 3898 үйдің 3363-і немесе 87 пайызы тексерілген. Олардың ішінде 508 үй тұруға жарамсыз деп танылып отыр.

Үйлерді жөндеуге 845 сметалық есеп әзірленді. Апта соңына дейін техникалық зерттеу, сметалық есеп және баспананы бағалау құжаттамаларын беру аяқталады. Су тасқынынан зардап шеккендерге Солнечный-2 шағын ауданында 500 үйдің құрылысы басталды, - деп жазылған әкімдік таратқан ақпаратта. 

Бұған дейін облыста 100 АЕК көлемінде бір реттік төлемді 6 мың отбасы алды. Жалпы төленген қаржы сомасы 2,2 млрд теңгені құрайды. 

Зарина Арман
Бөлісу: