28.12.2022
19:16
1066
Солтүстік Қазақстанда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

Солтүстік Қазақстанда білім бөлімінің басшысы қамауға алынды

СҚО-да білім бөлімінің басшысы жемқорлық фактісі бойынша күдікке ілінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мағжан Жұмабаев ауданының білім бөлімінің басшысы С.М. Рамазановаға қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді жүргізуде», - делінген Антикор хабарламасында.

Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен С.М. Рамазанова қамауға алынды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.