Солтүстік өңірлерде үсік жүреді

7 Қыркүйек 2022, 19:32 1900

Ел аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс суық антициклоны салқын ауа райын сақтайды

Қазгидромет алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz

Ел аумағының басым бөлігінде солтүстік-батыс суық антициклоны салқын ауа райын сақтайды. Тек Қазақстанның оңтүстігінде әлі жылы болады. Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады. 8 қыркүйекте шығыста, 10 қыркүйекте батыс, солтүстік-батыста – қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі және бұршақ жаууы мүмкін. 

Сондай-ақ түнде Қазақстанның солтүстік-батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градусқа дейін үсік күтілуде. Елдің солтүстік жартысында ауа температурасы: түнде 2-12, күндіз 15-25 жылы, батыста 2-14, күндіз 10-24 жылы, орталықта және шығыста 1-18, күндіз 15-32 жылы, оңтүстік жартысында 10-23, күндіз 20-35 жылы болады.

Бөлісу: