Солтүстікқазақстандық жастарға «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарының озық тәжірибелері таныстырылуда

21 Қаңтар 2019, 12:29 2278

Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарын ілгерілету бойынша 11 арнайы имидждік жобаны іске асыра бастады. Оның алғашқысы Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің негізінде өтті. Оған

«Қызмет көрсету саласы колледжі» КММ, «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжі», «Петропавл темір жол көлігі колледжі», «М. Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі» студенттері шақырылып, олар үшін «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының екінші толқынына қатысушылар Мария Татаренко, Сәлімхан Сәбитов, сондай-ақ жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Ирина Тухватулинамен «Жастардың алтын бесігі» мотивациялық кездесуі өтті.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, мұндай кездесулер қазақстандық бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің үлгісін жетістікке қол жеткізген жастардың нақты үлігісі негізінде насихаттау болып табылады.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушылары өздерінің жетістіктері, болашақ жоспарлары туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Сабитов Сәлімхан республикада мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған автомектептің негізін қалаушы бола отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының арқасында бүгінгі күні екі автокөліктің иесі болып табылатындығын және алдағы уақытта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевпен кездесуге шақыру алғандығын айтты.

Өз кезегінде Мария Татаренко кездесуге қатысушылармен этникааралық келісім саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, бірегей ұйым, Қазақстан халқы Ассамблеясы, оның негізгі жұмыс бағыттары мен іс-шаралары туралы әңгімеледі.

Ал Ирина Тухватулина барлық қатысушыларды ынтымақтастық қарым-қатынасқа шақырып, аймақтағы жастар бастамаларын ілгерілетуге бағытталған бірнеше қызықты жобалармен бөлісті.

Іс-шараның қорытынды кезеңінде студенттер спикерлерге өздерін қызықтырған сұрақтарып қойып, жауап алды.

Бөлісу: