Солтүстік Қазақстанда 2 жасар қыз терезеден құлап кетті

27 Тамыз 2022, 23:47 1048

Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты.

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер 2 жасар қыздың терезеден құлау фактісі бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады El.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

26 тамызда облыстық балалар ауруханасына Қызылжар ауданының орталығы Бескөлде 2-қабаттың терезесінен құлаған 2 жастағы қыз бала жеткізілген.

Полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Бүлдіршіннің жоғары сыныпта оқитын әпкесінің қарауында болғаны және терезеден құлағаны анықталды.

Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, қыз баланың жағдайы қалыпты. Аталған факті бойынша материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына шығарылады.

Тәртіп сақшылары жас балаларды тәрбиелеуге жауапкершілікпен қарауды, ересектердің қарауынсыз қалдыруға болмайтынын еске салды.

Бөлісу: