Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы

23 Қаңтар 2018, 09:33 1861

Петропавл қаласының Достық үйінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа қатысқандар: Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қожахмет Мадияр Дүйсенбайұлы, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшелері,  Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдық бөлімшелерінің, жұртшылық өкілдері.

Биыл  еліміздің және Қазақстан халқы ассамблеясы дамуының жаңа кезеңі басталды. Бүгінгі таңда Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жолдауы  көпшілікпен талқылануда. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» идеяларын басшылыққа ала отыра, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері  цифрлық, инновациялық технологияларды енгізу негізінде Қазақстанды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатын Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың ұсыныстарын қолдайды.

Бүгінгі күні СҚО ҚХА ауқымды жұмыс жүргізді. ҚХА институционалдық нығайту бойынша жұмыс жалғастырылды, 203 этномәдени бірлестік қызмет етеді, онда 2476 адам жұмыс істейді. Биыл олар 2000 астам іс-шара өткізді, оған 250 мыңнан астам адам қатысты.

Отырыс барысында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының 2017 жылғы қызметіне қорытынды жасалып, 2018 жылға міндеттер, «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық арнайы (түзету) мектеп-интернат» КММ жанындағы Бейбітшілік және келісім орталығының жұмысы, «Солтүстік Қазақстан облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігінің қызметі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жұмысының ұйымдастыру мәселелері, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің құрамын бекіту туралы мәселелер талқыланды.

Бірінші мәселе бойынша СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов сөз сөйледі.  Бүгінгі таңда облыста 113 Кеңес қызмет етеді, онда 872 адам жұмыс істейді, олар 180 әлеуметтік мәселені қарастырды.  Республикалық Қоғамдық келісім кеңесі біздің Кеңесті үздіктердің бірі ретінде таныды. Наиль Камильевич облыстық ассамблеядағы құрылымдық бөлімшелердің қызметіне қорытынды жасаумен қатар, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылатын 2018 жылға арналған жобалар жайында сөз қозғады.

Басқа мәселелер бойынша этномәдени бірлестіктердің төрағалары және СҚО ҚХА құрылымдық бөлімшелерінің мүшелері сөз етті. Баяндамашылардың сөзін қорытқан  Мадияр Дүйсенбайұлы атап өтті: «Бүгінгі күні жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу, жас өскелең бойында патриотизм сезімін тудыру, халық бірлігін қалыптастыру барысында этномәдени бірлестіктер ерекше рөл атқарады. Біздің табысымыз – Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мүшелерінің еңбек нәтижесі. Бұл – Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясындағы барлық құрылымдардың ортақ еңбек жемісі».

Аталған іс-шараның маңызды сәті меценаттық пен қайырымдылық қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан халқы ассамблеясының «Жомарт жан» төс белгісін «Солтүстік Қазақстан облысының «Сомониён Север» тәжік қауымы»  қоғамдық бірлестігінің төрағасы Анваршох Гайратович Амиршоевқа табыстауы болды.

Ұзақ жылдар бойы тәжік қауымының мүшелері аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмектеседі, балалар үйлері мен интернаттарына барады, жыл сайын ұлттық тағам мерекесінде қала тұрғындарын тамақтандырады. Отырыс соңында облыстық ассамблея хатшылығы ұсынымдарды әзірлеп, отырыс хаттамасын рәсімдеді.

Бөлісу: