Соғыс ардагерлеріне 1,5 млн теңгеден беріледі

8 Мамыр 2023, 10:00 1353

Жеңіс күніне орай екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлер 1,5 млн теңгеден алады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазір Астанада екінші дүниежүзілік соғысының 10 ардагері тұрады. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Соғыс ардагерлерінің ең үлкені – 103 жаста, ең кішісі – 97 жаста.

Ал Чернобыль атом электр станциясына (ЧАЭС) қатысушылары мен мүгедектерінен басқа, жеңілдіктер бойынша екінші дүниежүзілік ардагерлері соның ішінде, 436 адам 120 750 теңгеден алады. Оның ішінде Екінші дүниежүзілік соғысы кезеңінде қызмет өткерген 13 әскери қызметші, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралану салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер бар.

Бұдан бөлек өзге мемлекеттердің аумағындағы болған әскери іс-қимылдардың ардагерлеріне (Ауғанстандағы әскери іс-қимылдан басқа) - тәжік-ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында, Таулы Қарабақта этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан міндеттерді орындаған әскери қызметшілерге 35 АЕК (120 750 теңге) мөлшерінде төлемдер көзделген. Елордада 899 адам бар.

Тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған соғыс ардагерлерінің жұбайлары 9 мамырға дейін 11 АЕК (37 950 теңге) мөлшерінде төлем алады.

Айта кетейік, ардагерлерге тиісті төлемдер 27 сәуірден бастап беріле бастайды. Сонымен қатар жергілікті бюджет қаражатынан екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне бірқатар тегін қызмет көретіледі. Атап айтсақ, коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол ай сайын пәтердің ауданына байланысты 5-тен 8 АЕК-ке дейінгі мөлшерде бөлінеді.

Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға жылына бір рет баруға (жыл басында жеке шоттарына 6,5 АЕК аударылады) әлеуметтік көмек, санаториялық-курорттық емдеу қызметтері, қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жол жүру, тіс протездеу қызметтері кіреді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: