Смайыловтың Үкіметіне батылдық жетпеген бе? Депутат жауап берді

6 Ақпан, 17:17 901

Мәжілісмен Нартай Сәрсенғалиев пленарлық отырыстан кейін кулуарда Смайыловтың Үкіметіне батылдық жетпегінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өйткені шешімдерді дереу қабылдау керек еді. Қаңтар қасіретінен кейін халық шешімдердің тез қабылданғанын күтті. Қандай да бір бастаманы әдемі презентацияға салып, оны созбаққа салудың ешқандай қажеті жоқ. Оны халық күте және көтере алмайды. Сондықтан біз қазір жаңа Үкімет басшысынан толықтай әлеуметтік жағдайдың жақсаруын күтетін боламыз, – деді мәжілісмен.

Депутат Әлихан Смайыловтың кезінде депутаттық сауалдарының біразы орындалмағанын айтты.

Бұл көліктерге қатысты утильалымды алып тастауын және әлімжеттікке байланысты балаларды тәрбиелейтін арнайы педагогтерді енгізу сияқты мәселелердің біразы орындалмай кетті. Одан кейін қараусыз қалған жануарлар иттер мәселесін шешу туралы да депутаттық сауал жолдадық, бірақ ол да өзгермей қалды. Ең соңында үш депутат бірігіп, заңға өзгеріс пен толықтыруды өзіміз жазып шықтық. Қазір ұсындық. Келесі аптада мәжілістің талқылауына енгізілу керек. Біз ұсынған бамстамалдың Үкімет тарапынан шешілгенін көрген жоқпыз. Өзіміз сарапшыларды жинай отырып, шешуге тура келді, – деді депутат.

Сонымен қатар мәжілісмен құр сылтаумен халық және сарапшылармен бетпе-бет келмеудің амалын іздейтін министрліктер барын тілге тиек етті. Жаңа Үкімет басшысына депутат бұл мәселенің алдын алу керегін айтты.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: