Смайылов ресми сапармен Әзербайжан мен Грузияға барады

14 Маусым 2023, 04:02 911

2023 жылғы 21-23 маусымда Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың Әзербайжан Республикасы мен Грузияға ресми сапарлары өтеді, 

Үкімет басшылары деңгейіндегі алдағы келіссөздердің орталық тақырыптары – сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және дамыту мәселелері.

Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту арқылы өңірдегі елдердің көлік-транзиттік әлеуетін ашу жөніндегі бірлескен және үйлестірілген қадамдарына ерекше назар аударылатын болады.

Перизат Саденова
Бөлісу: