Смайылов Қытай компанияларының басшыларымен келіссөз жүргізді

28 Шілде 2023, 20:00 1252

Премьер-министр Әлихан Смайылов Xinjiang Hualing Industry and Trade (Group) Co. төрағасы Ми Ын Хуамен және Shanxi Meijin Energy Co. басшысы Яо Цзинь Лунмен келіссөздер жүргізді.

Xinjiang Hualing Қытай холдингі девелопмент, сауда, ауыл шаруашылығы, логистика, энергетика және т.б. салаларда жұмыс жүргізеді.

Әлихан Смайылов атап өткендей, бұл салалардың барлығы - Қазақстан экономикасы үшін басым бағыттар, осыған орай, екі ел арасында өзара тиімді ынтымақтастық құрудың әлеуеті зор.

Премьер-министр Қазақстан Үкіметі Xinjiang Hualing Group-тың инвестициялық бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

Өз кезегінде Ми Ын Хуа Қазақстанмен одан әрі ынтымақтастыққа сенім білдіріп, келешекте түрлі жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Қытай делегациясының сапары барысында ҚР Сауда және интеграция министрлігі мен Xinjiang Hualing Industry and Trade (Group) Co арасында ауыл шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Берік Арманов
Бөлісу: