Смайылов Бішкек қаласына жұмыс сапарымен барды

25 Қазан 2023, 20:27 663

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет деңгейіндегі бірқатар ірі іс-шараға қатысу үшін Бішкек қаласына (Қырғызстан) жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңістігінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар талқыланатын болады.

ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес шеңберіндекең ауқымдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарлануда. Оның ішінде геодезия және картография саласындағы өзара іс-қимыл, тауарларды сертификаттау және кедендік декларациялау, өнеркәсіптің түрлі салаларында кооперациялық жобаларды іске асыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен қадамдар қаралады.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтілуде.

Перизат Саденова
Бөлісу: