Словениялық велошабандоз «Тур де Франс» жарысының алтыншы кезеңінің жеңімпазы атанды

8 Шілде 2022, 09:24 1402

Словения алты кезеңнен кейін жалпы есепте көш бастап тұр

Словениялық велошабандоз Тадей Погачар «Тур де Франс» жарысының алтыншы кезеңінің жұлдызы атанды, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы ҚазАқпарат Euronews ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Жеңімпаз Бельгияның Бенше қаласынан франциялық Лонгвиге дейінгі жалпы ұзындығы 220 шақырымға жуық супер көпкүндік жарыстың ең ұзын бөлігінде бірінші болып мәреге жетті.

Словениялық 23 жастағы спортшыға «Тур де Франстағы» сары жейде биыл алғаш рет бұйырды.

Жарыста екінші болып австралиялық Майкл Мэттьюс келді. Үздік үштікке сондай-ақ француз спортшысы Давид Годю кірді.

Словения алты кезеңнен кейін жалпы есепте көш бастап тұр.

Америкалық спортшы Нилсон Паулесс одан 4 секундқа қалып қойған.

Бейтарап статуста жалаусыз ойнаған ресейлік Александр Власов жалпы классификацияда жетінші орынға көтерілді.

Беделді веложарыстың жетінші кезеңі Францияның Вогеза тау сілемінде өтеді. Ондағы қашықтықтың ұзындығы 176 шақырымнан асады.

Бөлісу: