Скляр жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылатынын айтты

7 Ақпан, 13:41 670

Бірінші вице-премьер-министр Роман Скляр 7 ақпанда Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында жаңа жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама 1 наурыздан бастап іске қосылатынын растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Журналистер Роман Склярдан бұрынғы премьер-министр Әлихан Смайыловтың 1 наурыздан бастап «9-20-25» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасын іске қосу туралы мәлімдемесіне қатысты түсініктеме беруін сұрады.

Бұл бағдарлама республикалық бюджеттен бірлесіп қаржыландыру қаражаты есебінен іске қосылатын болады: «Отбасы банк» және республикалық бюджет. Әлихан Асханұлы Смайыловтың айтқанына келсек, бұл мәселе пысықталып, белгіленген мерзімде іске асырылатын болады, - деп жауап берді Скляр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: