ШҚО белсенді жастары көшбасшы болу, бизнес жобаларды іске асырудың қыр-сырын меңгерді

9 Тамыз 2019, 16:34 3720

Өскеменнің белсенді жастары оқыту семинар-тренингтерге қатысып, «Ұлы Дала Елі киелі мұрасы» акциясын қолдады.

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мамандары екі күн бойы Катон-Қарағай және Алтай аудандарының жас тұрғындарымен кезедсіп, семинар-тренингтер өткізді, облыстық Достық үйінің жұмысы, стартап және бизнес-жобалар, әлеуметтік желілердегі жұмыс туралы кең көлемді әңгімелеп берді.


Айта кету керек, осындағы екі жас жігіт өз аудиториясы бар аудандық маңызы бар пабликтерді жүргізіп отыр. Тағы бір екі аудан тұрғыны өз шағын бизнестерін дөңгелетіп отырғанын жеткізді.

Қазақстанда жобаларға гранттар бөлінетінін естіген олар конкурстарға белсенді қатысуға дайын екендіктерін айтты.

Одан кейін жастар «Ұлы Дала Елі киелі мұрасы» тарихи-мәдени акциясын қолдап, Шыңғыстай ауылындағы белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің мұражай-үйінде болып қайтты.


Естеріңізге сала кетейік, «Ұлы Дала Елі киелі мұрасы» акциясының мақсаты - қасиетті мұра ескерткіштерін сақтау және дәріптеу, жастардың қоғамдық маңызы бар әлеуметтік жобаларды іске асыруға қатысуына ықпал ететін жалпы мәдени және рухани құндылықтар негізінде қазақстандық бірегейлік пен патриотизмді нығайту болып табылады.

Алтай қаласында «Жанғыру жолы» ШҚО жастар штабының төрағасы, Өскемен қаласы Жастар мәслихатының депутаты Равиль Юнусов «Көшбасшының қалыптасу жолдары» тақырыбында әңгіме өрбітіп, аудиториямен интерактив және командалық жұмыс жүргізсе, Өскемен қаласы Жастар мәслихатының депутаты, журналист Айзада Бибулова «ХХІ ғасырдағы ақпараттың рөліне» тоқталып өтті.

Бөлісу: