Өскеменде украин мәдениетінің фестивалі өтті

1 Қазан 2018, 10:19 2450

Өскемендегі Достық үйінде украин мәдениетінің облыстық фестивалі өтті.

Аталмыш шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы  бағдарламасы негізінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында ұйымдастырылып өткізілуде.

ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев  ұжымдарды мерекемен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.  

Фестивальге қатысқан Өскемен, Зырян, Шемонаиха, Глубокое және Ұлан аудандарының украин шығармашылық ұжымдары көрермендер назарына украин халық әндері мен билерін, ұлттық тағамдар көрмесін ұсынды.  

Фестиваль соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ақшалай сертификаттар табысталды.

Бөлісу: