Өскеменде ІІ облыстық Қазақстан халқының билері фестивалі өтті

22 Сәуір 2019, 00:00 2204

Фестивалге Шоу-балет «Экстези», «Вайнах», «Арарат», «Еркетай», «Жалында», «Экспрессия», «Ақтолқын» хореографиялық ансамблдері, «Арабеск», «Непоседы» балалар ансамблдері қатысты.

Шара барысында қазақ, татар, шешен, орыс, армян халықтарымен  қатар, заманауи билер де орындалды.

Фестиваль қорытындысы бойынша ансамбльдер арнайы дипломдармен марапатталды.

Бөлісу: