Өскеменде «ART-ЖАСТАР» көрмесі жастар тақырыбына арналған көркем шығармалардың ретроспективасын ұсынды

18 Қаңтар 2019, 11:14 2989

Шығыс Қазақстан өнер музейінде «ART-ЖАСТАР» көрмесі ашылды. Ол  Жастар жылына арналды.

Көрмеге Шығыс Қазақстанның белгілі суретшілері Николай Долбилкин, Қайсан Қадырбеков, Олександр Махно, Ержан Тұрғанбаев қатысты. Бұл суретшілердің портреттері мен сюжеттік жұмыстарында біздің бақытты өмірімізді, әжелеріміз бен замандастарымыздың жас келбетін көреміз.

«ART-ЖАСТАР» көрмесі көрерменге жастар тақырыбына арналған көркем шығармалардың ретроспективасын ғана емес, сонымен қатар жас суретшілер жасаған отандық пластиканың тарихын ұсынды.

«Экспозицияда социалистік реализмнен, «алпысыншы жылғылар» шығармашылығы арқылы қазіргі заманғы ең беделді көрмелерінде белгілі ұлттық авангардқа дейінгі жол көрсетілген. Жастық пішімінде барлық орасан зор құрылыстар жасалады, тау шыңдары мен ғарыш кеңістігін бағындыру жүзеге асырылады. Кармин Барбароның жастық алқабындағыдай сіз үшін ең әдемі гүлдер гүлдейді, Талғат Татиевтің ұмытылмас көктемінде сіздер үшін ең әдемі қыз өз келбетін ашады», - деді Шығыс Қазақстан өнер музейі директорының орынбасары Лариса Мартынова.

Көрме барысында суретшілер көрермендерге арнап шеберлік сыныбын өткізді. Жас сурешілерді  шабыттандыру үшін түрлі аспаптарда ойнаған музыканттар натурашы болды.

«Біз өнерді тек көзбен көріп қана қоймай, шеберлік сағаты көмегімен оған етене жақын болдық», - деді ШҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өкілі Балжан Низамиева.

Бөлісу: