Өскеменде Аналар кеңесінің 2019 жылғы жұмысы қорытындыланды

27 Желтоқсан 2019, 16:55 2577

Өскемендегі Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің қорытынды отырысы өтті.


Жиналғандар ағымдағы жылға есеп беріп, келер жылға жоспар құрды. Аналар кеңесінің әр мүшесі ұйымның дамуына өзіндік үлес қосып, жыл көлемінде қажырлы еңбек етті. Олар отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында көпбалалы, тұрмысы нашар, толық емес отбасыларға көмек қолын созып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Аталған іс-шарада Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының жаңа меңгерушісі Жанна Асқарова арнайы келіп, кеңес мүшелерімен жақынырақ танысты. Жиын барысында түрлі әлеуметтік мәселелер көтеріліп, өзара пікір алмасты. Әсіресе, гендерлік саясаттың дамуы, ана мен бала мәселесі, бала асырап алу тақырыптарына ерекше мән берілді.


Жиын соңында Аналар кеңесі жұмысын ілгерілету мақсатында ұсыныстар айтылып, алдағы уақытта орындалатын іс-шаралар барысын талқылады.

Бөлісу: