Өскемен қаласы әуежайының басшыларына айыппұл салынды

13 Қыркүйек 2022, 11:31 1297

Тексеру нәтижелері бойынша жүйелі сипатқа ие авиациялық қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ 22-23 тамыз аралығында «Өскемен әуежайы» АҚ қызметінің авиациялық қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жоспардан тыс инспекциялық тексеру жүргізді, деп хабарлайды El.kz комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру нәтижелері бойынша жүйелі сипатқа ие авиациялық қауіпсіздік талаптарының бірқатар бұзушылықтары анықталды. Авиациялық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін және «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 107 – бабына сәйкес әуежайдың бірінші басшысы Н.И. Короленко, оның орынбасары-әуежайдың авиациялық қауіпсіздік қызметінің басшысы Р. А. Григорьев және «Өскемен әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 570-бабының 1 және 2 бөлігі бойынша жалпы сомасы 480 АЕК (735 120 тг.) айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бөлісу: