06.09.2024
22:02
1081
Сиязбек Далиев Паралимпиада ойындарын аяқтады

Сиязбек Далиев Паралимпиада ойындарын аяқтады

Қазақстандық пара спортшы Сиязбек Далиев 50 метр баттерфляй жарысында S5 класында 36.35 секунд нәтижесімен 7-орынға тұрақтады. Осылайша отандасымыз Паралимпиада ойындарын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың нәтижелері бойынша қытайлық спортшылар барлық жүлделі орындарды иеленді. Бірінші орынды Го Джинчэн 30.28 секунд нәтижесімен жеңіп алды. Ал екінші орынды Юань Вэйи 30.71 секунд көрсеткішімен иеленді. Жүлделі үшінші орын Ван Личаоға 30.89 секунд нәтижесімен бұйырды.